Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Қаңтар, 2023

«Ойна!» деп бұйрық бермей, баламен бірге ойнаңыз

Шахматты кез келген жаста үйренуге болады. Бірақ бала кезінен үйренген жеңіл. Бала оқуды, айтқан ақылды тез қабылдайды. Кей ата-аналар «партада ұзақ уақыт отыра алмайды» дегенді алға тартып, үйретуді кейінге қалдырады. 4–7 жас – ең қолайлы кез. Бұл жаста баланың миы жақсы жұмыс істейді. Ақпарат жақсы сіңеді, стратегиялық талдау қабілеті тезірек қалыптасады.

 

Неден бастау керек? Ойынның мәнін, фигураның атын, қалай қозғалатынын дұрыс түсіндіру керек. Шахматты балаға әкесі таныс-тырса, әсері ерекше болмақ. Кейде ата-аналар шахмат үйірмесін таңдағанда үйге жақын жерді іздейді. Үйірмеге асығудың қажеті жоқ. Баланың фигурамен әбден танысқаны жөн. 

Шахмат деген – текетірес. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Егер бала үнемі жеңілсе, ойынға құлшынысы азаяды. Ойынды жақсы түсіну үшін команда мен үстел ойыны керек. Шахматты жақсы көрсе, тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.  Шахмат ойнау ақыл-ой қабілетін дамытуға көмектеседі. Ғалымдар шахмат ойнайтын баланың сабақты  60 пайызға меңгеретінін  дәлелдепті. Есте сақтау қабілеті тез дамып, нақты ғылымды оңай үйренеді екен. Мәселенің шешімін тез тауып, дұрыс таңдау жасайды. Басқа спортшыларға ұқсамайды. Өз күші мен біліміне сенеді. 

Баланың миы үлкен ақпа-ратты қабылдауға үйренеді. Өмірлік әдетіне айналып, білімге құштарлық артады. Ойынды тез үйрену үшін жүйелі түрде үйрету керек. Бір күн фигураны таныстырып, екі күннен кейін тағы біреуін үйретудің пайдасы жоқ. Шахматқа кеш барып, жеңімпаз болған спортшылар сирек. Бірақ оның дамуына, тұлғаның қалыптасуына және оқуына көп көмегі тиеді. 

Шахмат – пассив ойын. Содан болар, көбі қызықсыз дейді. Баланың қиялымен, шайқас туралы әңгіме, стратегия және тактикамен жұмыс істейтін жақсы мұғалімді табу керек. Өкінішке қарай, баланың тілін табатын мұғалім аз. Сол үшін жауапкершілік ата-анаға түседі. Үйірмеге бермес бұрын сөйлесіңіз. Қызықты шайқас жайлы кино көріңіз. Әр әскерді шахмат фигурасына теңеңіз. «Ойна!» деп міндеттемей, бірге ойнаңыз.

Алғашқы сабақты тек пешка қатысатын ойыннан бастайды. Міндет – жаудың пешкаларын мүмкіндігінше тез жою. Әрі қарай ойынға басқа фигуралар енгізіледі. Сондықтан бала әртүрлі фигуралардың қозғалыс ережелерін тез есте сақтайды. Фигураларды ретке келтіруі керек. 

Ата-ана берілмегені дұрыс. Бала өзіне сенуді тоқтатса, түсінуге болады. Күшке салудың қажеті жоқ. Мәжбүрлеп ойнау жақсы нәтиже бермейді. Кешке барлық отбасы бірге ойнаса, шахматтың қызықты екенін түсінеді. Ата-аналар алты айдан соң гроссмейстер сияқты ойнайды деп күтеді. Егер үміт ақталмаса, ұрсып, ұрады. Шахматқа үйрету өте ұзақ. Шахматтың негізгі ережесі – ойыннан ләззат алу. Мұғалім, ата-ана, бала үшеуіне де қызықты болуы керек. 

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №4
24 қаңтар 2023 жыл
 

635 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз