Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 10 Наурыз, 2023

Елімізде пәтер бағасы өсті - статистика

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда яғни, 2023 жылғы ақпанда 2022 жылғы ақпан айына қарағанда пәтерлерді қайта сату бағалары 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады. Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр, ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.

Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2%  өсті.

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

1154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз