Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Сәуір, 2024

Ақтөбе әуежайының аумағында көпфункционалды логистикалық хабтың капсуласы салынды

Ақтөбе әуежайының аумағында көпфункционалды логистикалық хабтың капсуласы салынды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Құрылысты S Sistem Lojistik компаниясы«Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторымен бірлесіп жүзеге асыратын болады.
Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында мультимодалды хаб қалыптастыру аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауына сәйкес, әуежай аумағында көпфункционалды логистикалық хаб салу үшін капсула салу және  келісімге қол қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, S Sistem Lojistik Басқарма төрағасы Хусейн Барлин, «Қазпошта» АҚ өкілі және Ақтөбе әуежайының Басқарма Төрағасы Дастан Малиев қатысты.
Көпфункционалды логистикалық хаб ашылғаннан кейін Ақтөбе әуежайы арқылы жүк ағыны бірнеше есе артып, жаңа жүк рейстері ашылады деп күтілуде.
«Логистикалық хабтың құрылысы сауда көлемін ұлғайтуға және екі бауырлас ел арасындағы қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе әуежайының басшылығына, сондай-ақ инвестициялық шешім қабылдау процесіне үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс айтқым келеді», - деді S Sistem Lojistik Басқарма Төрағасы Хусейн Барлин. 

Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

259 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз