Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 13 Наурыз, 2023

Былтыр кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы IV тоқсанда 5% (986 587 адам) құрады.

2022 жылғы IV тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (8,5%), Маңғыстау (8,1%) облыстарында, ал ең азы – Астана қаласында (2,1%) және Ұлытау облысында (2,2%) (бағалау деректері) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Анықтама үшін: Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы IV тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 45 623 теңгені құрады.

1149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз