Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Наурыз, 2023

ОСК мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті

18 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мүшелері шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОСК сайты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын байқауға шет мемлекеттердің - Армения, Молдова, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Румыния, Венгрия, Грузия, Үндістан, Моңғолия, Түрікменстан және Филиппин - 16 орталық сайлау органынан өкілдері келді.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров құттықтау сөзінде кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасының сайлау науқанын байқауға қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, бұл сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы сарапшылардың кездесуі болып табылатынын атап өтті, өйткені бүгінгі кездесуге қатысушылардың әрқайсысы өз елі үшін маңызды саяси оқиғаны өткізді немесе оған қатысты.

Сайлау науқанына дайындық барысы туралы ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Ол сайлау науқанының ерекшеліктері, оның кезеңдері және дауыс беру күніне дайындық туралы айтты. Сондай-ақ, ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина электоралдық оқыту қорытындылары туралы баяндады. Кездесу қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтті.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман құрамына Португалия Республикалық Ассамблеясының мүшесі, Жерорта теңізі ПА вице-президенті Антонио Педру РОК Оливейра және Жерорта теңізі ПА-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Джонас-Флорин Уркана кіретін Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен кездесу өткізді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы делегация мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің қорытындыларын, депутаттыққа тіркелген кандидаттар туралы ақпаратты ұсынды. Жерорта теңізі ПА өкілдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны, сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Антонио Педру РОК Оливейра берілген ақпарат үшін ризашылығын білдіріп, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

 

Фото: election.gov.kz

320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз