Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 28 Наурыз, 2023

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым (2021 жылы – 272 бірлік) болды. Оның ішінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар.

Тіркелген ұйымдардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 31 бірлік, ең азы Ұлытау облысында – 3.  

 

2022 жылдың соңында осы ұйымдарда тұратындардың саны 40 321 адамды құрады, оның ішінде зейнет жасындағылар – 13 624 адам (33,8%), Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 14 адам (0,03%).

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.

Айта кетейік, 245 мекеме мемлекеттік меншікте болса, 36-сы жеке меншікте (оның ішінде шетелдік меншікте – 4).   

Бүгінде Қазақстанда Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды.

                                                                    Айта кетсек, әлеуметтік мекемелерге балалар мен ересектерге арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған үйлер және тәулік бойы тұруға арналған өзге де ұйымдар, сондай-ақ мүгедектігі барларға арналған оңалту орталықтары, күндізгі болу аумақтық орталықтары және т. б. жатады.

3669 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз