Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 29 Сәуір, 2010

«Мойнақтың» іргетасы қаланды

dsc03944Жетісуда жүріп жатқан «Мойнақ ГЭС»-інің құрылысы басталғалы біршама уақыт өтті. Қазақстанның оңтүстік аймағын электр энергиясымен қамтуды межелеген сом құрылыс 2011 жылдың аяғына дейін аяқталтын тәрізді.

Билыл тау тескен түнел құрылысы түбегейлі аяқталып, енді ГЭС-тің ғимараты салынуға көшкен. Айрықша үлгіде жобаланған ғимараттың іргетасы да қалып біткен. «Жұмыс қызу жүріп жатыр. Бәрі де әу баста белгіленген жоспар бойынша. Амандық болса, 2011-дің күзіне дейін «Мойнақ ГЭС»-і толыққанды пайдалануға да беріліп қалар» дейді Бас инженер Қалау-Бек Баймұханбетов. Жасалып жатқан құрылыс жұмыстарын Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің экологиялық басқару және бақылау комитеті жоғары бағалағандығын атап өткен жөн. ГЭС құрлылысына барлығы 665 адам жұмылдырылған. Осы күнге дейін бл ауқымды жобаға 8 406,13 млн. теңгенің аясында жұмсалыпты. Осы күні Шарын өзенінің маңында әртүрлі бағыттағы жолдар жөнделіп, маманданған жұмысшыларға арналған баспаналардың (80 үй) құрылысы жүріп жатқаны көпке аян. Сондай-ақ, осы өңірде археологиялық зерттеулер жасалуда. Бұл аймақ мәдениетіне үлкен көңіл бөлініп отырғандығының белгісі. Атаулы игі іске «Мойнақ ГЭС» акцонерлік қоғамының директоры У.Д. Қантаевтың зор үлесін ескермеске болмайды.

Сағын СЕРІК

747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз