- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Мамыр, 2023
ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев

Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумда «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» тақырыпта сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
«Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды.
Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады»,-деді Президент.
Фото: Ақорда

634 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *