Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Мамыр, 2023

Ақтөбе полицейлері үш зейнеткерді алдаған жас жігітті ұстады

Ақтөбе полицейлері үш зейнеткерді алдаған жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 15 - 16 мамыр аралығында Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлерге қатысты алаяқтық жасалды. Алаяқ құрбандарына жақын туысының жол-апатына түскені және осы мәселені шешуге жәрдемдесетіні туралы айтып қоңырау шалған. Нәтижесінде егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық жинақтарынан айырылып, жалпы шығын 5 млн.теңгеден асты.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі  - «ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық».

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз