Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 16 Маусым, 2023

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады - статистика

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,4% құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл уақыт аралығында 18 789,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 8 791,9 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 8673 млрд. теңгеге (46,2%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 6,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,1% байқалды.

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.

Шикі мұнайды (102,4%), табиғи газды (101,3%), темірді қоспағанда, кенді (103,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (120%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазудағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс индексі 103,3% құрады. Өсім тамақ өнімдері – 6,5%, сусындар – 5,8%, өңделген мұнай өнімдері – 4,2%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,7%, өзге де минералды бейметалл өнімдер – 4,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 11,1%, машина жасау бойынша 31,9% байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында белгіленді.

 

834 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз