Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 29 Маусым, 2023

Елімізде жалпы ішкі өнім айтарлықтай өсті - статистика

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 105% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 35,4%, қызметтердікі – 55,7%.

Ең жоғары өсім құрылыс – 115,7%,  ақпарат және байланыс – 112%, көтерме және бөлшек саудада сату – 111,1% салаларында байқалды.

ЖІӨ-нің нақты көлем индексіндегі ең үлкен салым Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1,5%,  өңдеу өнеркәсібі – 0,8% және құрылылыс – 0,6% салаларына тиесілі.

807 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз