Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 15 Шілде, 2023

Талап бар жерде табыс та, нәтиже де бар

1. Өте қатал талап қойып жұмыс істететін адамнан аса мол нәрсе үйренесің. Кей адамның ондайды қысым жасады деп түсінетіні өкінішті.
2.  Дауласып жатқан адамың үндемей қалса жеңіп кеттім деп қуанба, ол жай ғана сенің СӨЗ ҰҚПАЙТЫН АҚЫМАҚ екеніңді біліп қойған.
3.  Адам өзін-өзі мақтауы керек, жамандауды онсыз да басқалары істей салады.
4.  Мен ешбір мәселесі жоқ, уайымсыз тыныш өмір сүріп жүрген адам емеспін. Жай ғана барлығын өткере алатын иммунитетім қалыптасқандықтан уайымсыз адам сияқты көрінемін.
5. Білім  қанша маңызды болғанымен,
Адам тәрбиесі арқылы ғана ерекшеленеді.
6.  Достықтың құндылығы
Басталуында емес!
Жалғасуында да емес!
 Соңында, қалай аяқталуында!
7.  Күн сайын әлдебіреуге күлкі сыйла.
Бірақ өзіңнің де әлдебіреу екеніңді ұмытпа!
8. Ыдысы дайын болса,  несібесі келеді
Ниеті дұрыс болса, тәңірі қолдайды. 

Амантай Тойшыбайұлы

11485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз