Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 29 Сәуір, 2010

Алғашқы тоқсанның ақжолтай қорытындылары

Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне аяқ басты. Дерек көздерінің мәліметтері үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 6,5 пайызды құрағанына айғақ болады. Экономиканың негізгі алты саласында, атап өткенде өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, сауда айналымы, байланыс, көлік және құрылыс саласында шығарылған өнімдердің және қызметтің көлеміне сәйкес қысқа мерзімді экономикалық индикатор анықталады. Осы жылдың бірінші тоқсанында, статистикалық мәліметтер бойынша, бұл индикатор 108,3 пайызды құрады. Осы индикатордың негізінде жасалған болжамдық жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 6,5 пайыздық шамасында болып табылады.

Өнеркәсіп өндірісі саласында үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап өсу қарқыны байқалады. Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі былтырғы жылдың бірінші тоқсанмен салыстырғанда 11,5 пайызға ұлғайды. Бірінші тоқсандағы ең үлкен өсу қарқынын, яғни 18,7 пайызды өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Атап айтқанда, машина жасау өндірісінің көлемі - 1,8 есе, химия өнеркәсібі - 1,5 есе, мұнайды қайта өңдеу өндірісі - 25 пайызға, азық-түлік өнімдері - 11 пайызға, металургия өнеркәсібінің көлемі - 10,5 пайызға өсті. Тау-кен өндіру мен карьерларды өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,8 пайызды құрды. Темір рудасын өндіру - 27,6 пайызға, шикі мұнай - 8,4 пайызға және табиғи газды өндіру - 8,2 пайызға артты.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі республиканың барлық облыстарында байқалады. Ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнімдерге келсек, бірінші тоқсанда ауыл шаруашылығының өсуі 2,4 пайызға өсті. Бұған, ең алдымен, мал шаруашылығы көрсеткіштерінің 2,5 пайызға артуы есебінен қол жеткізілді. Жалпы республикамыздың барлық облыстарында ет пен сүт өндірісінің өсуі байқалады.

Жыл басынан бері құрылыс жұмыстары 8,7 пайызға азайды. Бұл жерде атап өтетін жай, ол жөндеу жұмыстарын жүргізетін компаниялардың қызметінің көлемі былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,5 есе ұлғайды. Осы жылдың бірінші тоқсанында 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Негізгі капиталға жасалған инвестициялар туралы айта кететін болсақ, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіштің төмендегеніне қарамастан, наурыз айындағы көрсеткіш ақпан айына қарағанда 50,5 пайызға ұлғайды. Инвестициялардың басым көзі кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен жасалынды.

Қызмет көрсететін салаға келетін</span> болсақ, халықтың тұтыну сұранысы мен бизнестің іскерлік белсенділігінің қалпына келуі ішкі сауда тауар айналымының өсуінен айқын көрінеді. Мысалы бiрiншi тоқсанда ішкі сауданың тауарайналым көлемі 10,5 пайызға өсті. Атап өткенде бұл көрсеткішке дүкендердің сауда айналымының 13,8 пайызға өсуі есебінен және жеке кәсіпкерлердің сауда айналымының 60 пайызға өсуі есебінен қол жеткізілді. Есеп беріп отырған кезеңде пошта және курьерлік қызмет 5 пайызға, байланыс қызметтері 4,5 пайызға өсті. Байланыс қызметінің көлемінің өсуі ұялы байланыс қызметі табысының 11,8 пайызға артуы себебінен болып отыр. Ал ұялы байланыс қызметі жалпы байланыс қызметінің көлемінің 54,3 пайызын құрайды.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жүк тасымалдау көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13,3 пайызға ұлғайды. Транспорттағы көлемнің өсуі негізінен жолаушыларды тасымалдау көлемінің 12,1 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Жүк тасымалдау көлемі 2,5 пайызға артты. Сауда балансының позитивтік сальдосы үстіміздегі жылдың екі айдың қорытындысы бойынша 5,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бұл көрсеткіш әлемдік нарықтардағы қолайлы баға конъюнктурасымен қоса әлемдегі іскерлік белсенділігінің артуы Қазақстан тауарлары экспортының 60 пайызға өсуіне себеп болды. Ал шетелден келетін тауарлардың импорты 17,7 пайызға қысқарды. Жалпы халықаралық резервтер мен Ұлттық қор активтері наурыз айының соңында 52,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың соңғы айымен салыстырғанда 10,3 пайызға жоғары. Жалпы Ұлттық қор қаражаты шетелдік валютада 25,4 млрд. долларды және ұлттық валютада 750 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылғы дағдарысқа қарсы шараларды Ұлттық қор қаражаты есебінен іске асырылғанына қарамастан осындай көрсеткішке қол жеткізілді.

Мұрагер Сералы

780 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз