- Мотивация
- 26 Шілде, 2023
Ақылды адам күн сайын жаңа өмір бастайды

- Идеялар толығымен орындалып шыға келмейді.
Тек олармен жұмыс істей бастағанда ғана анық бола бастайды. Сенің бастауың ғана керек. Бақыттың есігі іштен ашылады.
- Су мен тастар кездессе, су әрқашан жеңеді. Күште емес, табандылықта. Басқаларды сынағанша, өзіңді жетілдірумен айналыс. Бүгін ауыртқан, қиындық тудырған нәрсе ертең сені күшті етеді.
- Нені елемей тұрғаныңа назар аудар. Кейде елемеген нәрсең саған ең қажет нәрсе болатын кез бар. Білу өнері деп нені елемеу керектігін білуді айтады.
- Ешкімнен достықта немесе қарым-қатынаста болуды тілеп сұрама, жалынба. Өзің сияқты көңіл бөліп, күш салып, тырмыспаса, ол байланысты ұмыт. Кейде белгілі бір нәрселерді қоя беру қорғану мен жабысудан әлдеқайда күшті әрекет болмақ.
- Үндемеу және күлімсіреу өте қуатты амал мен құрал. Күлімсіреу - көп мәселені шешудің жолы болса, үндемеу - көптеген мәселелерден аулақ болудың жолы. Ризашылық білдіретін нәрсе әрқашан, әрқашан, әрқашан бар, бар бола береді. Өміріңнің бірде-бір күніне өкінбе.
Ұша біл, Самға! Өзіңді жеңе біл.
Ешкімге ұқсаудың қажеті жоқ! Ешкімде әуелден күшті әрі мықты болған емес! Сен ол- сенсің! Сен біреу ғанасың!
Амантай Тойшыбайұлы
"АДАМ БОЛ" кітабынан.
Фото: Британдық суретші Адриан Честерманның туындысы

15995 рет
көрсетілді0
пікір