Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 29 Сәуір, 2010

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЭКОНОМИКАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік пен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің 2009 жылғы есептеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы атап айтқанындай, өткен жылы үлкен жұмыс ауқымы атқарылды. Бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналып Ұлттық қордан бөлінген ақшаның дені игерілді. Қаржы жүйесі тұрақтандырылды. Инфляцияның және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етілді. Ең бастысы, экономиканың нақты өсімі сақталынды.

Есептердің қорытындысына қарай, Мемлекет басшысы монетарлық және қаржы органдарының былтырғы қызмет нәтижелерін оң бағалады және еліміздің қаржы секторын одан әрі дамыту және ақша-несие саясатын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Банк секторында оң фактор ретінде депозит базасының артуы, соның ішінде халыққа тиесілі депозиттердің 28,5%-ға артқандығы атап өтілді. Банк секторының сыртқы қарызын азайтуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен банк міндеттемелерін қайта құрылымдаудың оң нәтижелері жәрдемдесетін болады.

Мемлекет басшысы қабылданған Қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасының жүйелік негізінде іске асыруды бақылауға қойды. Болашақ қаржы сілкіністеріне және ерте бастан әрекет етудің озық та жетілген жүйесін орнықтыруға, сондай-ақ макро- және микропруденциалдық реттеуді, соның ішінде институттық реттеуді күшейтуге әзірлену қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі табысты дамуы және индустриаландырудың бесжылдық жоспарын ойдағыдай іске асыру елдің қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру қабілеттілігіне және оларды экономикада ұтымды пайдалануға байланысты болатыны атап көрсетілді.

Қаржы жүйесі мен реттеу органдары өз тараптарынан экономиканың жедел әртараптандырылу міндетіне жәрдемдесуі тиіс. Мұның өзі алдағы кезеңде қаржы органдары мен үкімет үшін шешуші міндет болып табылады.

924 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз