Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 29 Сәуір, 2010

Құнарлы ойдың қанаты Әріп ТӘҢРБЕРГЕНОВ Байлар жүр мансап іздеп құр далақтап...

Сорлы елім, көріп жүрсің еңбекті жау,

Ел кезіп, өсек айтып, ізденіп дау.

Істейтін ксібің – ұрлық-зорлық,

Кісі жоқ алдын ойлар бір дені сау.

Байлар жүр мансап іздеп құр далақтап,

Көрінбей құр малы жүр жалақтап,

Би мен болыс көрінсе, қошемет қып,

Қойын сойып, ет тартар қос табақтап.

Елірме ел қыдырып ет жегенге,

Ұрлыққа өтірікті септегенге.

Жарлының жалғыз қойын жалмап алып,

Мұнша неге құмарсың ептегенге?

Ертең біреу әділдік құра қалса,

Қайтесің су түбіне кетпегенде?

Бір қойға бес есе ғып төлеу берсең,

«Айтпадың» деп, сонда өзің өкпелеме.

Қорқыттай қазған көрің алдында тұр,

Жалғыз топырақ шашасың көпке неге?

«Жеті ғасыр жырлайды» кітабынан

1124 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз