Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Қаңтар, 2024

Жапонияда жер сілкінісінен 24 адам көз жұмды

Жапонияда жойқын жер сілкінісі кезінде 24 адам ажал құшты. Бұл ақпаратты Исикава префектурасының әкімшілігі растаған, - деп хабарлайды kazgazeta.kz 

40-тан астам тұрғын түрлі жарақат алып, 32 мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Жапонияның орталық аймағында магнитудасы 3 балдан 7,6 балға дейін бірнеше рет жер сілкінді. Ә дегенде цунами қаупі туралы ескерту жарияланып, кейін ол 20 сағаттан соң алынып тасталған. - Кешеден бері сенімді және толық ақпарат жинауға барымызды салып жатырмыз. Бірақ Ното түбегінің солтүстік бөлігіне жету әзірге мүмкін емес. Ол жақтағы жолдар қирап қалған. Тікұшақпен жасалған тексеру лай көшкіні жүргенін, өрт болғанын көрсетті. Аймаққа 1 мың сарбаз жібердік. Қазір цунами қаупі төніп тұрған, - дейді Жапония премьер-министрі Фумио Кисида.

 

Фото: Anadolu Ajansi

727 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз