Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Қаңтар, 2024

Қазақстандық әуе компаниясы дауыл кезінде ұшақты сәтті қондырды

Лондондағы “Хэнк” дүлей дауылы кезінде қазақстандық әуе компаниясы ұшағын сәтті қондырып, британиялықтарды таң қалдырды. Бірнеше күннен бері Англия мен Уэльсте көтерілген қатты жел мен нөсер жауын тұрғындарды жарықсыз қалдырып, су тасқыны көлік қатынасын үзгені белгілі, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Лондонның Хитроу әуежайынан түсірілген көріністе отандық әуе компаниясының ұшағы аспанда тербеліп барып, жерге қонып жатыр. Оқиға куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

Бұл соңғы үш айда тіркелген сегізінші табиғи апат. Оған “Хэнк” деген атау берілді. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге салды. Шатырларды құлатып, ағаштарды түп тамырымен жұлып әкетті. Жеңіл көлік және теміржол қатынасы тоқтады. Су тасқыны туралы 250-дей ескерту жасалды, мыңдаған абонент жарықсыз отыр. Тұрғын үйлер судың астында қалып, халықтың өміріне қауіп төнді.

“Суға батып, қайта шыққан көлікті алыстан байқап қалдым. Кейін оның ағынмен жылжып, көпірдің астына тірелгенін көрдім. Көлік жүргізушісі әйел кісінің жан дауысы шықты. Ішінде 3 жасар қызы бар екен. Ойланбастан құтқаруға кірісіп, екеуін де сыртқа аман-есен шығардым”, - дейді оқиға куәгері, Бирмингем қаласының тұрғыны Лиам Стич.

Табиғи апаттың құрбаны болған және жарақаттанғандар бар. Ауа райын болжаушылар жағдайдың әлі де қауіпті екенін еске салады. Ғалымдар мұндай құбылыстардың жиі тіркелуін жердің бетіндегі орташа температураның артуымен байланыстырып отыр.

“2023 - тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды. Ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті. Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себепші”, - дейді Ұлыбритания Метеорологиялық қызметінің аға ғылыми қызметкері Майк Кендон.

688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз