Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Қаңтар, 2024

Қазақстандық биатлоншы өзінің үздік көрсеткішін тіркеді

Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының төртінші кезеңінде биатлоннан 10 км қашықтыққа спринт сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Қазақстанның биатлоншылар одағының мәліметінше, аталған жарыста қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев 100 спортшының арасынан үздік отыздыққа енді.

Александр мәреге 16-шы болып жетті. Ол жеңімпаздан 1:06.8 уақытқа қалып қойды. Деседе бұл нәтиже оның жеке жетістігіндегі ең үздік көрсеткіші.

Екінші атлетіміз Владислав Киреев мәре сызығын 29-шы болып кесіп өтті. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, +1:44.6 уақыттан кейін үздіктер қатарына енді.

Осы жарыста ұлттық құрама сапында Асет Дюсенов те өнер көрсетті. Ол 71-ші болып, жеңімпаздан +3:07.9 уақыттан кейін жарысты аяқтады.

Алғашқы болып жеңіс тұғырына неміс спортшысы Бенедикт Долл (24:12.2) жетті. Екінші орынға норвегиялық спортшы Стурла Легрейд (+1.8), үшінші орынға тағы бір норвегиялық спортшы Эндре Стремсхайм жайғасты(+5.4).

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз