Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Қаңтар, 2024

Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди — тайбэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі керек еді.

Алайда таиландтық-тайбэйлік жұп бәсекеге келмей қалды да, Ж.Құламбаева мен С. Сакеллариди ойнамастан чемпион атанды.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында жаңа жылдағы бірінші, спорттық жолындағы 27-інші титулына қол жеткізді.

 

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз