Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Қаңтар, 2024

5 млрд теңге залал келтірген күдікті Мәскеуде ұсталды

Қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істер тергеуде, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

      Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда.

      Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған.

 7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтіргені үшін күдіктелуде.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз