Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қаңтар, 2024

Антикор ҚазАвтоЖол лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.

Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам.

Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз