Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қаңтар, 2024

Аустралия ашық чемпионаты қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды

Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстары қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды. Бұл туралы Қазақ газеттері ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Дүниежүзілік рейтингіде 228-орында тұрған Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 160-ракеткасы, 31 жастағы тәжірибелі босниялық Дамир Джумхурмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдық танытты. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Т.Скатов 8 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ.

Д.Джумхур іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 134-ракеткасы, италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады. Ол рейтингіде 824-орындағы уругвайлық Пабло Куэвасты 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Қазақстандықтардан Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарын ертең бастайды.

Фото: olympic.kz

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз