Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2024

Сырым Шәріпханов су қорғау аумақтарында үй салуға тыйым енгізуді ұсынды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында ойпатты бөліктер мен су қорғау аумақтарында үй салуға тыйым енгізуді ұсынды.

«Өткен жылғы талдау көрсеткендей, негізінен ойпатты бөліктерде салынған, сондай-ақ су қорғау белдеулерінде және өзен арналарына жақын орналасқан үйлер су астында қалады. Мысалы, бұл Қостанай облысы Қарамырза ауылындағы Тімтуір өзенінің жағасында орналасқан тұрғын үйлердің су басуы бірінші жыл емес. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау өзенінің су деңгейі күрт көтерілуіне байланысты, жанында орналасқан Кентүбек және Бақтыарал ауылдарында үйлердің су басты. Түркістан облысы Арыс қаласындағы су басқан тұрғын үйлер су қорғау белдеулерінің аумағында орналасқан және Ақтөбе облысының Қобда ауылындағы үйлер ойпатты бөлігінде салынған», - деді министр.

Ведомство басшысы Премьер-Министрге бұл мәселені шешудің жолын да ұсынды.

«Қазіргі уақытта ғимараттарды су қорғау белдеулеріне орналастыру барлық жерде проблема болып табылады. Нәтижесінде, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет өтемақы төлемдерін жүргізеді. Осыған байланысты, әкімдіктер бірінші кезекте, осы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етуін немесе оларды көшіру мүмкіндігін қарауын және бұл аймақтарда болашақта құрылысқа тыйым салуын қажет деп санаймын», - деді Сырым Шәріпханов.

Фото: primeminister.kz

2217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз