Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2024

Өткен жылы 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді – Ажар Ғиният

2023 жылы елімізде 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 80%-ы – балалар.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

«2023 жылы елімізде 29 648 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Оның 80%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл 1 қаңтардан бері 1674 қызылшамен ауырғандар тіркелді», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Сондай-ақ, министр қызылша бойынша тұрақтандыру үрдісі 6 өңірде – Ақтөбе, Қызылорда, БҚО, Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында төмендеу байқалатынын атап өтті.

«Төмендеу үрдісі 3 өңірде – Шымкент қаласында, Жамбыл және Ұлытау облыстарында байқалды. Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында өткен жылы осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді. Яғни бір және алты жастағы 700 мыңға жуық бала егілді», - дейді ол.

Фото: ҚР Үкіметі

295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз