Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2024

46 кеншінің қазасы: Министр айыптылардың аты-жөнін атады

Костенко шахтасындағы апатқа қатысты Төтенше жағдайлар Министрі айыптылардың аты-жөнін атады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі болмағанын жеткізді.
"Бұл — қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Бұл — жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, "АрселорМитттал Теміртаудың" көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар", — деді Сырым Шәріпханов.
Еске салайық, 28 қазанға қараған түні Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты.

265 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз