Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2024

Қазақстанда жаңа қала пайда болды

Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертіледі. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ҚР Президенттінің Жарлығында.

 

Фото: gov.kz

197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз