Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Қаңтар, 2024

Қазақстандық теннисші Аргентинадағы жарыстың екінші айналымына шықты

Әлемнің 417-ракеткасы Дмитрий Попко Буэнос-Айрес (Аргентина) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 366-ракеткасы, бразилиялық Орландо Луспен ойнады. 

Бірінші партияда бразилиялық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жеткен. Алайда екінші сетте Попко таразы басын теңестірді – 6:4. Шешуші үшінші кезеңде отандасымыз қарсыласын 6:1 есебімен қиындықсыз жеңді.

2 сағат 24 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Дмитрий 6 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. 

Енді Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 327-ракеткасы, германиялық Тимо Штоддермен шеберлік байқасады. 
Фото: Olympic.kz

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз