Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қаңтар, 2024

Маңғыстауда қырылған аққулар саны 800-ден асты

Қаракөлде қырылған аққулардың саны 828-ні құрады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов қырылған аққулар санының 800-ден асқанын айтты.

«Соңғы үш апта уақыт ішінде Қаракөлде жаппай қырылған аққу саны 828-ге жетіп отыр. Осыған қатысты Маңғыстау облысы әкімі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топ аққулардың қырылыуына қатысты тиісті жұмыстарды атқарумен бірге олардың себебін зерттеп, зерделейтін болады», - деді басқарма басшысы.

"Микробиология және вирусология ҒӨО" ЖШС мамандары вирусологиялық талдау жүргізіп, аққулардың өлімі жоғары патогенді H5N1 құс тұмауынан болғанын айтты.

 

Фото: Astana TV

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз