Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Қаңтар, 2024

Эквадорда қарулы топ тікелей эфир кезінде телестудияға шабуыл жасады

Эквадорда қарулы топ тікелей эфир кезінде телестудиядағы адамдарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

BBC таратқан мәлімет бойынша, 9 қаңтарда Гуаякиль қаласындағы студиялардың біріне қарулы топ тікелей эфир кезінде шабуыл жасаған.

Эквадорда ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің бірі түрмеден қашуына байланысты төтенше жағдай жарияланған.

Полиция Кито және Гуаякиль қалаларында арнайы операция жүргізіп жатыр. Телевизия орталығынан барлық қызметкер эвакуацияланған. Бірнеше күдіктінің ұсталғаны жөнінде хабар тарады.

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз