Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қаңтар, 2024

Атырау облысында төрт көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы кеше, 9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында болған.

«Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

дтп

Белгілі болғандай, Газель автокөлігінің жүргізушісі бұған дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2,3 бөлігімен, 590-бабының 5-бөлігімен, ал, жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылғы 590-баптың 5-бөлігімен, 594-баптың 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Көлік жүргізушілері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол жүрісі ережелерін қатаң сақтағаны жөн. Бұл адам өліміне соқтыратын жол-көлік апатына ұшыраудан сақтайды» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

225 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз