Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қаңтар, 2024

Теміртауда боран салдарынан бірнеше жерде электр желілері үзілді

Теміртауда ақтүтек боранның салдарынан жоғары вольтты электр желілері үзіліп, қаланың бірнеше үйлері жарықсыз қалды. Коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ жағдайды ауа райының қолайсыздығы қиындатуда.

Теміртауда қатты жел мен боранның салдарынан бірнеше учаскеде жоғары вольтты электр беру желілері үзілді. Жөндеу бригадалары апатты жоюмен айналысып жатыр, бірақ ауа райының қолайсыздығы желілерді жедел түрде қалпына келтіруге кедергі келтіруде.

"Қаланың Шығыс бөлігінде суық су төмен гидравликалық режимге ауыстырылды. "Qarmet" АҚ сумен жабдықтау цехының сорғы станциялары штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруде", - деп хабарлады Теміртау әкімдігі.

Электр желілеріндегі апаттар ЖЭО-2 жұмысына да әсер етті.

"Электрмен жабдықтау желісінің қысқа тұйықталуына байланысты ЖЭО-2 қазандық агрегаттары қайта қосылып, қайта жағылып жатыр, содан кейін олар желіге біртіндеп қосылады.
Қала әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, жағдай бақылауда", - деп толықтырды әкімдікте.

Қазіргі уақытта электр қуатынсыз қалған үйлердің саны есептеліп жатыр. Коммуналдық қызметтер авариялық учаскелерде электр желілерін қалпына келтіруге тырысуда. Ақтүтек боранның салдарынан жөндеу жұмыстары күрделене түсті. Бірақ қала басшылығя ақауларды мүмкіндігінше тез жоюға тырысамыз деп уәде беріп отыр.

Фото: Досжан Балабекұлы / көрнекі

283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз