Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қаңтар, 2024

Астанада қар тазалауға 1700-ден астам арнайы техника шығарылды

Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 11 қаңтар күні қар тазалау жұмысына күндізгі ауысымға 1750 бірлік арнайы техника, 2413 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

10 қаңтардан 11-іне қараған түні шамамен 58 мың текше метр қар немесе 4108 жүк рейсі шығарылды.

Қазіргі уақытта қаладан барлығы 1 756 317 текше метрден астам қар шығарылды, бұл 128 849 жүк рейсінің көлеміне тең.

Гидрометорталық болжамына сәйкес, 11 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, қар аз жауады деп күтіледі. Түнде қарлы боран болады деген болжам бар. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с болмақ. Ауа температурасы түнде және күндіз -20-22 аяз.

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз