Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қаңтар, 2024

«Тереңқұр» тоғанында сырғанақ салынады

Тюбингке арналған 50 метрлік сырғанақ «Тереңқұр» демалыс аймағының тоғанына орнатылады. Бұл үшін тоған толық құрғатылған. «Снежная слайд» әлеуметтік жобасы жеке қаражат есебінен жүзеге асады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

20 градус бұрыштық құрылым ересектер мен балалар үшін толықтай қауіпсіз. Сырғанақ 5 секцияға бөлініп, қорғаныс қоршаулармен жабдықталған. Мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар. Бұл ретте, келушілер қауіпсіздік техникасы бойынша оқудан өткен нұсқаушылардың бақылауында болады.

Сырғанақ тепкен соң демалушылар үрлемелі баллонды құрылым басына өздері алып шықпайды, бұл үшін арнайы фуникулер бар. Ашылуы 15 қаңтарға жоспарланған. Баллонды бір сағатқа жалға алу құны 3 мың теңге. Бір рет сырғанау – 500 теңге.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз