Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қаңтар, 2024

Дархан Қыдырәлі мектептегі Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығуды ұсынды

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі мектепте оқытылатын Қазақстан тарихы оқулығын жаңа көптомдық негізінде жазып шығуды ұсынды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Сенат отырысында Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстары аяқталатыны туралы айтты.

«Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да соны деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», - деді Дархан Қыдырәлі.

Сенатор жоғары оқу орындарының бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізу маңызды екенін атап өтті.

«Жошы ұлысына арналған іргелі зерттеулер жүргізу, арнайы музей жасақтау, Едіге байқауын өткізу, Ұлытаудағы ескерткіш кешендерді ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енгізу де өзекті. Елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан оларға ақпараттық қолдау көрсету, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну да маңызды», - деді сенатор. 

205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз