Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Қаңтар, 2024

Полицейлер жылы аялдаманы сындырған ер адамды жауапқа тартты

Қостанайда полицейлер жылы аялдаманы сындырған ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сот оны мүлікке қасақана зиян келтіргені, бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін кінәлі деп тапты.
Өткен жылдың 23 желтоқсанынан 24 желтоқсанына қараған түні Қостанайдың басты көшелерінің бірінде орналасқан жылы аялдама павильонының шыны есігі сынды.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау арқылы бұзақыны анықтады. Ол Қостанай ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ол құқық бұзушылық жасаған сәтте мас күйде болған.
Құқық бұзушы аялдама павильонының шыны есігін өз есебінен қалпына келтірді. Сонымен қатар ол ірі көлемде айыппұл төлеуі керек.

300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз