Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қаңтар, 2024

4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге несиесі кейінге қалдырылды

2023 жылы әскер қатарын 37 мыңнан астам азамат толықтырды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті. 
Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1195 әскери қызметші дайындалды.
Техникалық, кәсіптік, жоғары білімі бар әскери қызметшілер алты ай қызмет өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.
 Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

206 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз