Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қаңтар, 2024

Елордада еріктілер қарт кісілердің ауласының қарын күреді

Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласының қарын күреп, қолғабыс етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанада толассыз қар жауғаннан кейін еріктілер жер үйлерде тұратын қарт кісілердің ауласының қарын күреп, көмек берді.
Жастар «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізіп жатыр.
«Қарт адамдар үшін ауланың қарын күреу оңай жұмыс емес. Осында қолғабыста шет қалмайтын және үлкен кісілерге көмекке ұмтылатын өскелең ұрпаққа алғысымыз шексіз. Олардың арқасында ауламда емін-еркін жүре аламын», - деді аудан тұрғыны.
Акция аясында еріктілер елорданың барлық 5 ауданын қамтиды. Жыл басынан бері қала бойынша 30-ға жуық жеке сектор ауласы қардан тазартылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада «Игі істер марафоны» өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты –халықтың әлеуметтік осал санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсету.
Қыстыгүні қар тазалауға көмектесумен қатар, елордалық еріктілер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды, қарт кісілерге отын кесуге көмектеседі және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай береді.

205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз