Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қаңтар, 2024

Түркістан облысында 934 азаматқа өтемақы төленбеген

Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты берілетін тиесілі өтемақыны аудармағанын анықтады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.

Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшілерімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.

Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген.

Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн.).

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

384 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз