Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісі: 7 баллдан жоғары жер дүмпуі қауіпті және жойқын

Алматыда жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков айтты.

«Бұл мәселеге қатысты қазірдің өзінде сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - МСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай 7 балдан басталады. Сондықтан Алматы қаласы үшін жердің жағдайын ескере отырып, 7 баллдан жоғары жер дүмпуін қауіпті және жойқын деп санауға болады», - деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингіде.

Сейсмологтың сөзінше, 7 баллға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

«2-3 бал жер сілкінісі сезіледі. 4-5 балл - ғимарат сылақтарын түсіріп, зақымдайды. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимаратты жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек», - деді маман.

Фото: ашық дереккөз

242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз