Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2024

Ақпанда күн райы қандай болады?

Ақпан айында Қазақстанда күн райының тұрақсыз сипаты болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нан хабарлады.

«Ақпанда елдегі температуралық фон нормадан 1-2 градус жоғары болатыны болжанып отыр. Алайда жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді күн райы басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекова.

Бұдан басқа, келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуымен жылымық ауа температурасының күндіз солтүстік облыстарда сәл ғана, ал оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтерілуі болжанып отыр.

Фото: Досжан Балабекұлы

238 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз