Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қаңтар, 2024

Qarmet басшылығы Костенко шахтасында өндірісті қайта бастауға тыйым салды

Qarmet басшылығы - Андрей Лаврентьев пен Вадим Басин Костенко шахтасында өндірісті қайта бастауға тыйым салды. Компания басшылары бұл шешім қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеу үшін жасалып отырғанын жеткізді.

Qarmet компаниясының жұмысшы тобы шахтадағы жағдаймен танысу үшін апат болған жерге жақын нүктеге, 600 м-ден астам тереңдікке түскен.

Шахта директоры Андрей Бойко нысанда жүргізілген тексерулердің қорытындылары, болған жағдайдың себептері мен салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстар, көмір өндіруді қайта бастау әлеуеті туралы баяндады.

"Андрей Лаврентьев пен Вадим Басин Qarmet басшылығы ретінде жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстарға ризашылықтарын білдірді, алайда қайғылы оқиғаның қайталануының кез келген ықтимал факторлары жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды. Олар жұмыстарды орындауға бағытталған барлық қажетті қаражат Көмір департаментінің инженерлері үшін қолжетімді екенін атап өтті", - деп жазылған Qarmet телеграм-арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні сағат 02:33-те "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 кенші шығарылды.

Костенко атындағы шахтадағы ТЖ фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық тергеуді бастады. Компанияның мәліметінше, лавада метан газы жарылған. Оқиға орнында апаттық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Оқиға орнына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Президент қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Мемлекет басшысы оларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Фото: ашық дереккөз

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз