Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2024

Үздік авторларға «Жас тілші» куәлігі берілді

«Ұлан» газетінің жарық көре бастағанына биыл 90 жылдан асты. Осыншама уақыт басылым өсіп келе жатқан жеткіншектерге жол көрсетіп келеді. Ұлттың болашағы жас ұрпақтың қолында десек, «Ұлан» газеті бұл міндетті барынша абыройлы атқарып келе жатқан басылым. Газет жыл сайын үздік авторларына «Жас тілші»куәлігін береді. Биыл бұл атаққа 8 мектеп оқушысы ие болды. 

Олар Разия Ақпар, Ақерке Елемес, Алмат Жақсылық, Айлана Мұрат, Аида Даниярқызы, Диана Әділхан, Ұлжан Бидәулет, Диана Ағзамова. 

Бүгін редакциямызға келген тілшілерге «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары, Алматы басылымдарының жетекшісі Думан Анаш пен  «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова кәуілік табыстады.

Қалған тілшілерге куәлік пен сыйлықтары пошта арқылы жеткізіледі.

301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз