Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2024

Шымкентте Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектеп ашылды

Заманауи және типтік үлгідегі білім ордасы 3500 орынға лайықталған.

Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді.

мектепКәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спортзал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орынға арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.

мектепАталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия беріледі.

мектеп

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз