Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2024

Елімізге қызылша вакцинасы қай елден әкелінді

Қазақстанға қызылша инфекциясына қарсы екпенің қай мемлекеттен әкелінгені айтылды.

«Жыл басталғалы 11 күннің ішінде қызылша инфекциясының 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді. Оның 81-і — 14 жасқа дейінгі балалар. Қала бойынша инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендегеніне қарамастан, жағдай күрделі», - деді Астана қаласының бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елордада инфекция жұқтырғандардың 79% қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Вакцина Үндістан елінен әкелінді және ол дүниежүзілік денсаулық ұйымы бекіткен препарат», - деп толықтырды спикер.

Фото: ашық дереккөз

281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз