Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қаңтар, 2024

LRT аймағындағы жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы ережесі өзгереді

LRT аймағында жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары қозғалысы ережелеріне түзету енгізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілік істер басқармасы мәлімдеді.

Басқарма берген ақпаратқа сәйкес, LRT аймағында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісі бойынша ережеге түзету енгізіледі.

«ҚР заңнамасына сәйкес, Астананың Сығанақ көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан LRT жерүсті жеңіл рельсті көлігінің құрылыс учаскесі жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынатын құрылыс объектісіне жатады. Бұл объектілердің бүкіл периметрі бойынша қоршаулары болуы тиіс. Полиция департаменті тапсырыс беруші мен мердігер ұйым әзірлеген LRT құрылысы кезеңіндегі қозғалыс сызбасын қарап, тұрғындардың көлік қозғалысына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы көшеде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруін шектемей, жол жүрісінің неғұрлым қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуді ескере отырып, түзетулер енгізді. Сығанақ көшесінің, «Арыс» көпірінің жүріс бөлігінің ортасында орналасқан LRT тіректерінің периметрінде, Қалдаяқов көшесінде қоршаулар бар. Бұл шаралар жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерде, оның ішінде тірек ауданында жолдан өтуін болдырмайды. Ал көшелердің қиылыстарында, LRT тіректері орналасқан жерлерде осы объектінің жобасы бойынша жұмыстардың аяқталмауына байланысты бағдаршамдық реттеу шекараларында жолды кесіп өткенде, қоршаулар мен жол белгілерін орнатып, қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді», - делінген басқарма жазбасында.

Басқарманың хабарлауынша, мердігер ұйымның үстінен әкімшілік іс қозғалған.

«Енгізілген түзетулерге қарамастан, мердігер ұйым полиция департаментінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған көшелердегі көлік жүктемесін азайту жөніндегі іс-шараларының бір бөлігін орындаған жоқ. Осыған байланысты мердігер ұйымға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, сондай-ақ бұрын бекітілген жол қозғалысы схемасына сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді», - деп мәлімдеді басқармадан.

Фото: ашық дереккөз

330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз