Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қаңтар, 2024

Алматы зообағы жаңа жануарлармен толықты

Алматы зообағында жаңа жануарлар пайда болды – бұл кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, ұрғашы шимпанзе және қызғылт фламинго. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы мәлімдеді.

«2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынды. Олардың арасында көк қой, Шетланд понидің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық улы сұр жылан, шығыс колобусы және тағы басқалары бар»,- деді Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Айтуынша, Пурга атты ақ кірекей көптің назарын өзіне аударды. Қазір ол 6 жаста, екі бассейні бар жарты гектарға жуық кең қоршауда тұрады.

«Біз бұл оқиғаны ұзақ күттік. Ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін алдық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен Пургамыздың жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол Паша есімді еркек шимпанзе былтыр Лола атты жұбын тапқанын атап өтті.

«Ол да Пургу сияқты Мәскеуден жеткізілді. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйреніп, дос болды. Дәл осындай Урман жолбарысына ұрғашысы таңдалды. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы Грант зебраларымен толықты, олар піл, су сиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құрылысы басталатын «Африка саваннасын» мекендейтін болады», - деді Ғани Майлыбаев.

Фото: Алматы қалалық әкімдігі

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз