Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 13 Қаңтар, 2024

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті

Израильдің Газа секторына жалғасқан шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті. Бұл туралы Uza.uz хабарлайды. 

Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ашраф әл-Кедра баспасөз мәлімдемесінде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта 112 палестиналықты өлтіріп, 194-ін жаралаған.

«Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханалар апатты жағдайда тұр, өйткені олар жараланғандар мен ондаған мың босқындарға толы», - деп атап өтті Ашраф әл-Кедра.

Қақтығыс басталғалы бері 59 604 палестиналық жарақат алды, олардың 6 200-і Газадан тыс жерде шұғыл емделуді қажет етеді. 

Фото: Uza.uz

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз