Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Қаңтар, 2024

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер кез келген елде болуы мүмкін – Бас прокуратура

Елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы нақты юрисдикциялармен шектелмейді. Бұл туралы Бас прокуратурадан мәлім етті.

«Бүгінгі таңда шамамен триллион теңгеге, оның шетелден 589 млн долларға (БАӘ-ден 15 млн, Лихтенштейннен 260 млн, Австриядан 82 млн, Гонконгтан 2 млн доллар және т.б.) заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды. Ақша қаражатынан бөлек ірі кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, кеңсе ғимараттары, мейрамханалар, бизнес орталықтары, таңдаулы жер учаскелері, базарлар, темір жолдар, қымбат зергерлік бұйымдар және басқалары қайтарылып отыр», - делінген Бас прокуратураның агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, активтерді қайтару жұмысында қандай да бір жоспарлы көрсеткіш пен шектеулер жоқ. Активтерді қайтару географиясы өте кең. 

«Активтердің Мэн аралы, Британдық Виргин аралдары, Мальта, Кипр, Сейшель сынды оффшорлық юрисдицияларға шығарылғаны туралы мәліметтер бар. Заңсыз шығарылған активтер кез келген елде болуы ықтимал. Сондықтан да активтерді қайтару жұмысы нақты юрисдикциялармен шектелмейді», - деп атап өтеді Бас прокуратурадан.

Коллаж: Ulysmedia.kz

313 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз