Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2024

Астана әуежайында 11 рейс уақытынан кешіктірілді

Бүгін елордадағы халықаралық әуежайда 11 рейс уақытынан кеш ұшырылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

- 14 қаңтарда Астана халықаралық әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды. Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.

Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа-райы сақталуда. Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы 12м/с, - деп жазды Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі. 

 

Фото: Халықаралық Астана әуежайының баспасөз қызметі

271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз